Саясат
Тренд

Тоқаев Трамп атындағы арнайы сыйлық тағайындауды ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып жатыр.

Жиында Тоқаев Бейбітшілік кеңесі аясында арнайы марапат тағайындау жөнінде бастама көтерді.

«Мен Бейбітшілік кеңесінің аясында президент Дональд Трамп атындағы арнайы сыйлық тағайындауды ұсынғым келеді. Бұл марапат оның бейбітшілікті нығайту жолындағы айрықша жетістіктерін мойындауға бағытталмақ», – деді Тоқаев.

Айта кетейік, Кеңес барысында Тоқаев Қазақстан Газа секторын қалпына келтіруге қаржылай үлес қосып, халықаралық тұрақтандыру миссиясына әскерилер мен полиция қызметкерлерін жіберуге қатысатынын айтқан еді.

Жиын Вашингтондағы Дональд Трамп атындағы бейбітшілік институтында өтіп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button