Мәдениет
Жүрсін Ерманға шәкірттері темір тұлпар мінгізді (ВИДЕО)
30 жылда Жүрсін ағамыз ақындарға 300-ден артық автокөлік мінгізген екен.

Белгілі ақын Жүрсін Ерман 75 жасқа толып жатыр. Ақынның 75 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтіліп,әкірттерінің ұйымдастыруымен үлкен той өтіп, арты мерекелік концертке ұласқан, деп хабарлайды tiek.kz.
Мерейтой кешінде ақынның шәкірттері Жүрсін Ерманға үлкен тосын сый жасады. Олар су жаңа Toyota 70 автокөлігін сыйға тартты.
“Осы 30 жылда Жүрсін ағамыз ақындарға 300-ден артық автокөлік мінгізген екен. Біз ұстазымыз 75 жасқа толған кезде айтыскер ақын шәкірттері ақылдасып, барлығымыз қосылып Toyota 70 автокөлігін сыйға тартқымыз келіп тұр. Арнайы алып келдік», — деді шәкірттері.



