
Желіде «Әнші Сәкен Майғазиевтің үйіне ұрылар түсті» деген видео тарады.
Видео Dinara tea парақшасында жарияланды.
Жазбадан бетперде киген екі адамның аумағы атшаптырым үйдің ішінде заттарды қопарып, шкафтарды ашып бірдеңе іздеп жүргенін байқауға болады, деп хабарлайды tiek.kz.
Алайда кейіннен Әнші Сәкен Майғазиевтің үйіне ұры түскені туралы ақпарат — шындыққа жанаспайтын, әншінің жұбайы Динара Майғазиеваның шайын жарнамалау мақсатында түсірілген видео-сценарий болып шыққаны белгілі болды.
Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева өзінің шайын жарнамалау мақсатында осындай қадамға барған. Яғни Динара Майғазиева өз өнімдерін (шай) жарнамалау үшін ұры түскендей көріністі қолданған.
Дегенмен видеоны көпшілік сынға алып, жамандық шақыру деп қабылдаған.
«Құдай сақтасын!», «Осы да жарнама ма?», «Тойда жүргенде кіріп кетті ме деп шошып кетсем…», «Енді шынымен түседі», «Жарнамасы қорқынышты екен», «Армандап жүр ме?», «Жамандық шақырмаңдар?» деп пікір қалдырған желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



