Бибісара Асаубаева көптен орденіне қол жеткізді

Шахматшы Бибісара Асаубаева көптен орденіне қол жеткізді, деп хабарлайды tiek.kz.
Бұл туралы шахматшының өзі сүйіншіледі. Telegram желісіндегі арнасында ІІ дәрежелі «Барыс» орденін алғанын айтып, видео жариялады.
«Мен көптен күткен ІІ дәрежелі «Барыс» орденін алдым. Менде ІІІ дәрежелі орден бар, енді І дәрежелі орден қалды. Сонда кавалер атанамын. Қараңдарыздаршы, қандай әдемі. Міне, «Барыс», түсі қандай әдемі», — деді шахматшы.
Сондай-ақ ол өзінің жақында ғана Ташкенттен оралғанын хабарлаған.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың 30 желтоқсанында президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшы Бибісара Асаубаеваны жылдам шахматтың бір түрі – блиц бойынша әлем чемпионатында жеңіске жеткені үшін ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған болатын.
Тоқаев оны наурызда блицтен әлем чемпионатындағы жеңісі үшін марапаттаған еді.
Алайда Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ол марапаттау рәсіміне шетелден Астанаға келе алмаған.



