Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасына бөлінген бюджет қаражатын қадағалайтын мемлекеттік комиссия құруды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасына бөлінген бюджет қаражатының қалай жұмсалатынын қадағалайтын мемлекеттік комиссия құруды ұсынды.
Тоқаевтың айтуынша, «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылау маңызды.
“28 қазан күні дәстүрлі Жолдауымда айтқан «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет деп санаймын. Комиссия құрамына бірқатар салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихаттар депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер, журналистер кіреді”, – деп жазды Президент Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Еске салсақ, бұған дейін президент «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Халықтық құрылыс» бағдарламасын ұсынған болатын.



