Мәдениет
Тренд

«Арна тарихында «продюсер» қызметінде ер адам болмаған»: «Balapan» телеарнасы зорлық дауына қатысты мәлімдеме жасады

«Балапан» телеарнасы әлеуметтік желідегі зорлық дауына қатысты мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде «Balapan» телеарнасының штатында ер адам «продюсер» қызметін атқармағаны айтылған, деп хабарлайды tiek.kz.

««Балапан» телеарнасы әлеуметтік желіде Нұрғали Нұрман есімді азаматтың мәлімдемесіне қатысты төмендегіні хабарлайды.

2010 жылғы 27 қыркүйекте ашылған «Balapan» телеарнасының штатында ер адам «продюсер» қызметін атқармаған.

Кейін желі қолданушысы өз мәлімдемесінде айтылған жайттардың «Balapan» телеарнасында емес, коммерциялық жобаға қатысты болғанын нақтылап, жаңа бейнежазба жариялады және арна ұжымынан кешірім сұрады.

«Балапан» телеарнасы азаматтарды тек ресми әрі тексерілген ақпаратқа сүйенуге шақырады», — делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін Нұрғали Нұғман есімді жігіт бірнеше жыл бұрын «Балапан» телеарнасында жұмыс істеп жүргенінде продюсер тарапынан зорлық көргенін мәлімдеген еді. Қызығы, бүгін актер «кешірім сұрап» тағы бір видео жариялады. Өз жазбасында ол Балапан коммерциялық жобасын «Балапан» арнасымен шатыстырып алғанын айтқан.

Бұл оқиға желіде дау тудырып, желі қолданушылары арасында ұлттық телеарнаға бойкот жариялау туралы бастама көтеріліп жатыр.

Белгілі тележүргізуші әрі «Балапан» арнасының бұрынғы директоры Ләйлә Сұлтанқызы Нұрғали Нұғман есімді жігіттің оғаш жазбасына қатысты пікір білдіріп,  арнаны лас әңгімеге араластырудың қажеті жоқ екенін айтты.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button