Мәдениет

“Тәрбиесіз!”: Қызылордадағы концертте көрермендердің бірі Қайрат Нұртасқа қара сөмке лақтырған

Қызылордада өткен концертте әнші Қайрат Нұртасқа көрермендердің бірі сөмке лақтырған.

Шағын қолсөмке өнер иесінің арқасына тиген, деп жазады Stan.kz.

Әншіге сөмке тиген сәт әлеуметтік желді тарады. Кадрлардан өнер иесінің оқиғаға сабырмен қарап, көрермендерге ескерту жасаған.

«Мынау кімнің сөмкесі? Бұлай істемеңіздер. Бұл – тәрбиесіздік. Бұлай жасама, жарай ма?» – деді Қайрат Нұртас.

Бұған дейін Алматыдағы концертінде де осындай жағдай болған. Ол кезде көрермендер арасынан лақтырылған телефон әншінің басына тиген еді. Желі қолданушылары бұл әрекетті сынап, кейбірі «Төреғали Төреәлі мұндайды кешірмес еді» деп әзілдеген.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button