Қоғам
Тренд

«Балапан» арнасының продюсері зорлады»: белгілі актер сұмдық мәлімдеме жасады

Актер Нұрғали Нұғыман бірнеше жыл бұрын «Балапан» телеарнасында жұмыс істеп жүргенінде продюсерден зорлық көргенін айтып мәлімдеме жасады, деп хабарлайды tiek.kz.

Жігіт «Балапан» арнасындағы бағдарламаларға түсіп, кейіннен актерлық саласына бет бұрған. Өзінің айтуынша, актерлік белесіне «Балапан» арнасында продюсер болып жұмыс істейтін бір адам қол ұшын созған.  Бірде сол «ағасы» Нұрғалиді түсірілім алаңындағы жұмыс аяқталған кезде басқалардан бөліп, алып қалған. Сол күні өзінің жұмыс бөлмесінде балаға зорлық жасаған.

«Мен ол кезде кішкентай бала болдым. Қорыққаным соншалық, не істерімді де білмедім. Ол істейтінін істеп болған соң «Егер біреуге айтсаң, енді кино мен сериалдарға түсе алмайсың» деп қорқытты. Осылайша бұл біздің құпиямыз болып қалды», – дейді ол.

Нұрғали Нұғыман ұзақ уақыт бойы бұл жағдай туралы ешкімге айтпағанын жеткізді. Оның сөзінше, бала кезде қорқыныш пен сенімсіздік салдарынан үнсіз қалуға мәжбүр болған. Бұл жағдай ауыр тиіп, жігіт өз-өзіне қол салмақ болған. Айтуынша, содан кейін арнадан кетіп, басқа салаға бет бұрған. Нұрғали бүгінде Қытайда сауда жасайды.

Осы оқиғадан кейін желі қолданушылары продюсердің атын атауды және оның балалармен әлі де жұмыс істеп-жұмыс істемейтінін анықтауды талап етіп жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Байер | Бизнес с Китаем 🇨🇳 | (@nurgali.nugman)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button