Трамп Орбанды БҰҰ Бас хатшысы лауазымына ұсынбақ

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Венгрияның бұрынғы премьер-министрі Виктор Орбанды Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы лауазымына қолдап отыр, деп хабарлады Азаттық радиосы.
Бұл ұсынысқа Ресей мен Қытай да қосылуы мүмкін. Бұл туралы үш елдегі дереккөзге сілтеме жасаған The Wall Street Journal хабарлады.
Басылымның жазуынша, Вашингтон Орбанды сайлауға түсуге шақырған, бұл идеяны оған алғаш ұсынған да америкалықтар. Виктор Орбан шешім қабылдады ма, жоқ па белгісіз.
Газеттің дерегіне сенсек, Вашингтонмен бұған дейін болған келіссөздерге қарағанда, Ресей мен Қытай да бұл жоспарды қолдауы мүмкін. Басылымның жазуынша, жоспарға сәйкес, Орбан үш елдің ортақ кандидаты болуы тиіс.
WSJ мақаласына Будапешттен де, Вашингтон, Мәскеу және Пекиннен де реакция болған жоқ.



