Мәдениет

«Соншама жылдамдықпен келіп қағып кетті»: белгілі әнші адамдардың мейірімсіздігін айтып жылап қалды

Көз алдыңда қаңсылатып, өлтіріп кеткені ауыр тиді.

«Жігіттер» тобының солисі Ердос Қанаев адамдардың мейірімсіздігін айтып жылап қалды. Айтуынша, бір жігіт көшеде жайдан-жай жүрген итті үлкен жылдамдықпен келіп, қағып өлтіріп кеткен.

Осы жағдай әншіге ауыр тиіп, көңілін түсірген.

«Иә, мен сондаймын енді.  Жанашырлық болар, мейіріміділік болар.
Біреуге күлкілі болар. Паблик парақшалар да жерден жеті қоян тапқандай жарысып жазар.

«Мынаған не болды итті жоқтап» дейтіндер де табылар қәзір. Бірақ көз алдыңда қаңсылатып, өлтіріп кеткені ауыр тиді.  Ит досыңа айналса жақсы, бірақ досың итке айналса жаман» деуші еді. Жеті қазынаның бірі деп те бекер айтпаған.

Ит байғұсқа берілген үлкен бір нығметі иесіне адал болуы екен. Кейде адамнан осы қасиет кеткенде, осы бір хайуанның адалдығын көріп ішімнен таңдай қағатынмын. Неткен адалдық? деп. Кейде бір ауыр ойларға шомып кеткенде қасыма келіп: «Мен түсінем ғой, маған айтсай сырыңды» дегендей көзіме қарап тұратын.

Мейірімсіз жан! Есік алдымнан әлі талай өтерсің. Сол кезде қандай сезімде болар екенсің???», деп жазған әнші өзінің парақшасына.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ердос Қанаев (@erdoskanaev)

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button