Мәдениет

«Кешірім сұраймын»: «Балапан» арнасының продюсеріне қатысты оқыс мәлімдеме жасаған жігіт сөзінен тайып жатыр (ВИДЕО)

"Соған қарағанда түбінде бір шикілік бар секілді" деп күдік келтіре бастаған желі қолданушылары.

Күні кеше ғана желіде өзін продюсер ағасы зорлағанын айтып елді шулатқан Нұрғали Нұғман есімді актер бүгін тағы екіұштылау мәлімдеме жасады, деп хабарлайды tiek.kz.

Жігіттің айтуынша, өзіне зорлық көрсеткен продюсер телеарна емес басқа жобада жұмыс істеген. Жазбада шатасып, «Балапан» арнасы деп жіберген.

«Менің «көкем зорлады» деген видеомды көрген шығарсыздар. Негізі ол жерде «Балапан» телеарнасын «балапан» коммерциялық проектісімен шатастырыппын. «Балапан» телеарнасының ұжымынан кешірім сұраймын және олардың еңбектерін өте қатты бағалаймын. Осы жағдай жайлы сұхбатқа шақырсаңыздар толықтай айтып бере аламын. Бұл ақиқатты көлеңкеде қалдырғым келмейді, сіздерден қолдау күтемін. Өйткені біздің елімізде өте көп болып кетті. Және сондай зардап шеккен адамдардың бірі менмін», — дейді жігіт бұл жолы.

Бұған дейін желіде Нұрғали Нұғманның бұл тірлігін хайпқа теңеп, «өзінің трагедиясынан хайп жасап отыр» деп сенімсіздік білдіргендер болған еді. «Соған қарағанда түбінде бір шикілік бар секілді» деп күдік келтіре бастаған желі қолданушылары.

Айтпақшы, «Балапан» телеарнасының бұрынғы директоры Ләйлә Сұлтанқызы да бұл видеоның қаралым мен оқырман жинау үшін әдейі ұйымдастырылғанын айтыпты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Байер | Бизнес с Китаем 🇨🇳 | (@nurgali.nugman)

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button