Си Цзиньпин, Путин және Трамптың үшжақты кездесуі нәтижесіз аяқталды

Қытай төрағасы Си Цзиньпин, Ресей президенті Владимир Путин және АҚШ президенті Дональд Трамптың үшжақты кездесуі аяқталды. Әлем болып көз тіккен келіссөз небары 1 сағат 20 минутқа созылған.
Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен АТЭС-тің 33-ші саммитінде қорытынды декларация қабылданды.
Құжатта энергия ресурстарын қауіпсіз әрі үздіксіз жеткізу, әлемдік қаржы тұрақтылығын сақтау және цифрлық технологияларды дамыту мәселелері қамтылған. Қатысушылар ауыл шаруашылығына жасанды интеллект пен жаңа технологияларды енгізуге, халықтың әл-ауқатын арттыруға және болашақ еңбек нарығына мамандар даярлауға келісті.
Сондай-ақ экономикалық өсімге кедергі келтіретін жемқорлықпен күресуге уағдаласты. Алfqlf Украинадағы соғыс, Иран және Таяу Шығыстағы жағдай қорытынды декларацияда мүлде аталмаған
АҚШ президенті саммитті тарихи кездесу деп атап, үш елдің ядролық арсеналдарды қысқарту және Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату мәселелерін талқылауға мүмкіндігі бар екенін айтты. Ресей президенті өңірлік дағдарыстарды шешуде үш елдің мүдделері тоғысатынын атап өтті.
Оның сөзінше, БҰҰ-ның құрылуына бастамашы болған үш мемлекет халықаралық құқықты нығайтуға жауапты.
Ал Қытай төрағасы елдер бір-бірінің ішкі ісіне араласпау қағидатын ұстануы керек екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол үш мемлекет экономикалық байланыстар мен жеткізу тізбектерін үзбей, ынтымақтастықты кеңейтуі қажет екенін айтты.
Сарапшылар, әлем көз тіккен кездесудің әдеттегідей жиындардың бірі болғанын әрі Си Цзиньпин, Путин және Трамптың үшжақты кездесуі нәтижесіз аяқталғанын айтып жатыр.


