110 миллион доллар дауы: Моңғолия президенті отставкаға кетті
Бұған дейін Мемлекет басшысы 17 қарашада өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеген еді.

Моңғолия президент Ухнаагийн Хүрэлсүх отставкаға кетті.
Моңғолия парламенті президент Ухнаагийн Хүрэлсүхтің отставкасын көпшілік дауыспен қолдады.
Бұған дейін Мемлекет басшысы 17 қарашада өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеген еді. Оған оппозицияның жемқорлыққа қатысты айыптаулары себеп болды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, дау Моңғолия мен Қытай арасындағы Гашуунсухайт – Ганцмод теміржол жобасынан заңсыз пайда табу күдігіне байланысты туындаған.
Билік айналасындағылардың осы іске қатысты жалпы сомасы 110 миллион доллар пара алғаны жөнінде болжам айтылған.
Алайда Хүрэлсүх өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.
Премьер-министр Ням-Осорын Учрал жобаға тәуелсіз аудит жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын әзірлеуді міндеттеді.
Хүрэлсүх Моңғолияны 2021 жылдан бері басқарған.



