Қоғам

«Ащы кеспеден кейін энергетик ішкен»: Петропавл тұрғыны реанимацияда жатыр

Петропавлда ащы кеспе жеп, газдалған сусын мен энергетик ішкен ер адамның жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға түсті. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін 12 күн бойы күрескен. Бұл туралы Петропавл қаласының көпбейінді жедел медициналық жәрдем ауруханасы хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.

Медициналық мекеменің мәліметінше, науқас ауруханаға панкреатитпен түскен.
Науқастың сөзінше, ауруханаға түсерден бір күн бұрын ол ащы кеспе жеп, артынша газдалған сусын мен энергетик ішкен.

Түнде ер адамның іші қатты ауыра бастаған. Ол таң атқанша ауырсынуға шыдап, кейін жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер науқастың жағдайын тұрақтандыру үшін 12 күн күресті.

Операциядан кейін науқас жансақтау бөліміне ауыстырылды. Кейін тыныс алуы қиындағандықтан, дәрігерлер оны өкпені жасанды желдету аппаратына қосқан.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button