Қоғам
Қазақ армиясы жаңа әскери ұшақпен толықты

Қазақстан Қарулы күштерінің авиациялық паркі Қытайда шығарылған Y-9E әскери-көлік ұшағымен толықты, деп хабарлады tiek.kz.
Жаңа әуе кемесі Алматыға жеткізілді.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшақ авиациялық паркті жоспарлы жаңарту аясында сатып алынған. Ол әскери қызметшілерді, қару-жарақ пен түрлі жүктерді тасымалдауға арналған.
Техникалық мүмкіндіктері жағынан Y-9E Қазақстан әскеріндегі C-295 және A400M ұшақтарының арасында орналасады.
Бұл ұшу қашықтығы мен жүк салмағына қарай тасымалды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Y-9E – Қытайдың AVIC корпорациясы әзірлеген әскери-көлік ұшағының экспорттық нұсқасы.



