Қонаев қаласындағы мектептердің бірінде баспалдақтан құлаған 11 жастағы оқушы көз жұмды.
Оқиға 16 қарашада сағат 13:18 шамасында, сабақ арасындағы үзіліс кезінде болған.
Оқушы үшінші қабаттағы баспалдақ қоршауымен сырғанап түспек болған. Сол сәтте ол тепе-теңдігін жоғалтып, екінші қабатқа құлаған. Салдарынан басынан ауыр жарақат алған.
Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, бала аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
Оқушыны емдеуге республикалық, қалалық және облыстық медициналық мекемелердің балалар нейрохирургтері жұмылдырылды. 17 қарашада дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалу үшін шұғыл ота жасады.
Дәрігерлер екі күн бойы баланың өмірін сақтап қалуға тырысқан.
Алайда дәрігерлердің күш-жігері мен реанимациялық шараларға қарамастан, 18 қараша сағат 10:00-де бала қайтыс болды.



