ҚазҰУ-дегі қаза: туыстары БАҚ құралдарынан көз жұмған студенттің фотосы мен видеосын өшіруді талап етті

ҚазҰУ студентінің туыстары әлеуметтік желілердегі видеолар мен фотоларды дереу өшіруді талап етіп жатыр.
tiek.kz редакциясына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студентінің қайғылы қазасына қатысты марқұмның туыстарынан ресми үндеу келіп түсті.
Үндеуде көз жұмған ҚазҰУ-дың 1-курс студенті Бәкіртай Дауыл Болатбекұлының жақындары бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде (TikTok, Instagram, Threads және басқа да платформаларда) бауырының фото және бейнематериалдары келісімсіз таратылып жатқанына алаңдаушылық білдірген.
Туыстарының талабында:
— Марқұмның жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрметпен қарап, фото және бейнематериалдарды әрі қарай таратпау;
— Желіде осындай материалдарды жариялаған тұлғалардан оларды дереу өшіру қажеттігі қатаң талап етілген.
«ҚР Азаматтық кодексінің 145-бабына сәйкес, адамның бейнесін оның келісімінсіз пайдалануға жол берілмейтін жағдайлар бар.
Осы талап орындалмаған жағдайда, заң аясында тиісті органдарға жүгінуге мәжбүр боламыз.
Марқұмның жақындарының қайғысына түсіністікпен қарап, фото және бейнематериалдарды әрі қарай таратпауларыңызды сұраймыз», — делінген үндеуде.


