
Әлеуметтік желілерде «Гелиос» жанармай құю бекеттері желісінің директорын атып кеткені туралы ақпарат тарады.
Оқиға 16 қарашада болған. Оның денесінде оқ жарақаттары болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, бетперде киген белгісіз адам жеке тұрғын үйге басып кіріп, ақша мен бағалы заттарды иемденген. Сондай-ақ марқұмның көлігін алып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл деректі жартылай растап, атылмыш іс бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Полиция көз жұмған адамның «Гелиос» жанармай құю бекеттері желісінің директоры деген мәліметті ресми түрде растаған жоқ.
Қазір күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстауға бағытталған тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпаратты жарияламайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ азаматтарды расталмаған мәліметтерді таратпауға және ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.



