Киберспорт
Тренд

Елімізде 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салынатын болды

Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Құрылтай әлеуметтік желілерге 16 жасқа толмаған балалардың тіркелуіне тыйым салуды көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев алып келген заң жобасы бойынша онлайн-платформалар пайдаланушылардың жасын тексеруге тиіс. Алайда бұл шектеу жеке сөйлесуге, ата-аналармен және мұғалімдермен байланысуға арналған мессенджерлерге қолданылмайды.
Сондай-ақ платформалардың Қазақстанда заңды тұлға ретінде өкілдігін ашуы талап етіледі.   Балаларға қатысты кибербуллинг пен заңсыз ақпаратты өкілетті органның талабымен жоймаған платформаларға әкімшілік жауапкершілік енгізілмек.

Бес мыңнан астам жазылушысы бар анонимді парақшалар мен қауымдастықтарды сәйкестендіру тетігі де қарастырылған. Бұдан бөлек, жалған ақпаратты теріске шығару оны таратқан дереккөздің өзінде жариялануға тиіс.

Заң жобасында бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларда балағат сөз қолданғаны үшін де жауапкершілік көзделген.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button