Мәдениет

Мақпал Жүнісова Заманбекке ұқсайтын адамды кездестіргенін айтты

Әнші Мақпал Жүнісова желіде марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовке ұқсайтын адамды кездестіргенін жазды.

Әншінің айтуынша, ол Зәкеңнің 50 жасындағы кезіне ұқсайды.

«Зәкеңе ұқсайтын Аман бауырыммен кездесіп қалдым. Зәкеңнің 50 жасы көзіме елестеп кетті», — деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары да адамның расында марқұм Заманбек Нұрқаділовке ұқсайтынын жазған.

«Зәкеңнен аумайды! Қаны бар емес пе екен? Дәл өзі, ұқсайды екен. Аумайды екен», деп жазды көпшілік.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button