Мәдениет

«Қан, топырақ, қуыршақ қойылған»: Айгүл Иманбаева әлі күнге өзіне жасалған сиқырдың зардабын тартып жүргенін айтты

Әнші Айгүл Иманбаева өзіне жасалған сиқырдың салдарынан әлі күнге дейін ем қабылдап жүргенін айтты. 

Айтуынша, бұл жағдай оның өміріне, қаржылық жағдайына және психологиялық күйіне кері әсер еткен.

«Үйді де саттым, 100 миллион теңгелеп қарызға да баттым. Тентіреп кете жаздадым. Осылай абыроймен жүрген күннің өзінде тығырыққа бір-ақ тірелдім. Бір жыл болды алысып келе жатқаныма, әлі де алысып жатырмын. Бірақ былтырғыдай емес, шүкір. Не таппадық? Қуыршақ та, сурет те, жіп те, қан, топырақ – бәрі табылды. Бұрын мұндайға қарқылдап күлетін едім. XXI ғасырда ондай нәрсе жоқ деп ойлайтынмын. Көздерің ашық па, қай ғасырда өмір сүріп жатырсыңдар деп айтатындардың қатарында едім. Асқақ, артық сөйлеген екенмін», – деді әнші.

Сондай-ақ өнер сиқырды кімнің жасағанын және ол адамды кешіргенін жеткізді.

«Маған мұның бес кезеңнен тұратынын айтты. Біріншіден, адамның ештеңеге зауқы соқпайды. Екіншіден, ақшадан қағылады. Үшіншіден, жанжал көбейеді. Төртіншіден, адамның бойынан жағымсыз иіс шыға бастайды. Ал соңғы кезеңде адам өзіне қол жұмсау туралы ойлай бастайды екен. Ең бастысы, өз бойыңды, ойыңды таза ұстап, жақсы ниетте болу. Мұны жасаған адаммен алыспаңыз. Жаратқан сізді жақсы көргендіктен осындай сынақ жібереді. Мен мұны осылай қабылдадым. Еш ренішім жоқ, оны істеген адамды кешірдім, жібердім. Бірақ мұны кім жасағанын білемін», – деді Айгүл Иманбаева.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button