Экономика
Тренд
Астанада автобус жолақысы 150 теңге болады
Әкімдік мәліметінше, соңғы 12 жылда жолақы 1 рет қана қымбаттаған.

Астанада автобус жолақысын 110 теңгеден 150 теңгеге көтеру мерзімі кейінге шегерілді. Бұған дейін жаңа тарифті 1 желтоқсаннан енгізу жоспарланған еді. Енді өзгеріс желтоқсанның ортасында күшіне енуі мүмкін.
Билік тарифті көтеруді тасымалдаушылар шығынының артуымен және автобус паркін жаңарту қажеттілігімен түсіндірді.
Әкімдік мәліметінше, соңғы 12 жылда жолақы 1 рет қана қымбаттаған. Ал осы уақытта жанармай, қосалқы бөлшектер мен автобустардың бағасы өскен.
Жүргізушілердің жалақысы да 2014 жылғы 100–150 мың теңгеден қазіргі 700 мың теңгеге дейін жеткен.



