Әлем

Венгрияның бұрынғы премьер-министрі Орбанның інісі қамауға алынды

Венгрияның бұрынғы премьер-министрі Виктор Орбанның інісі Арон Орбан ұсталды.

Ол визалық алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Бұл туралы елдің қазіргі үкімет басшысы Петер Мадьяр әлеуметтік желіде хабарлады. Оның айтуынша, Виктор Орбан тергеу органдарының інісін ұстағанын растаған.

Бұған дейін Мадьяр жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап, Арон Орбанның заңсыз көші-қонға жәрдемдесті деген күдікпен ұсталғанын мәлімдеген.

Әзірге істің өзге мән-жайы жарияланған жоқ.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button