Саясат

Тоқаев Көлік министрін ауыстырды

Әсел Жанасова премьер-министрдің орынбасары — көлік министрі болып тағайындалды.

Жанасова былтырғы желтоқсаннан президент әкімшілігі басшысының орынбасары болған.  

Көлік министрі болған Нұрлан Сауранбаев қызметінен босатылды. Сауранбаев бұл министрлікті 2025 жылғы маусымнан бері басқарған.

Ол министрлікке келгенге дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын басқарған еді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button