Экономика

Ресми! Астанада жаңа әуежай салынатын болды

Құрылысы 2027 жылдың маусымында басталады.

Астанада жаңа әуежайдың құрылысы 2027 жылдың маусымында басталады.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, жобаға әлемдік деңгейдегі ірі компания тартылады.

Бұған дейін елорда әкімдігі мен Көлік министрлігі Сингапурдың Changi Airports International компаниясымен ынтымақтастық туралы келісім жасасқан. Тараптар қолданыстағы әуежайды дамыту мәселесін де қарастырған.

Әзірге ұсынылған ақпаратта жаңа әуежайдың нақты орналасатын жері, құрылыс құны мен пайдалануға беру мерзімі көрсетілмеген.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button