Қоғам

«Ешқайсысына араша түспеймін»: Денсаулық сақтау министрі Ақтаудағы таяқ жеген хирург туралы пікір білдірді

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде балалар хирургі мен науқас баланың әкесі арасында жанжал туындап, соңы дәрігердің таяқ жеуімен аяқталған еді. 

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ақтаудағы баланың әкесі мен хирургтың арасындағы жанжал жөнінде пікір білдірді. 

Министр әзірше екі тараптың ешқайсысын жақтамайтынын айтты.

«Ешқайсысына араша түспеймін. Заң бар», – деді ол. Айтуынша, қазіргі уақытта жанжалға қатысқан тараптардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Бәрі тексерістен кейін  белгілі болады.

«Қылмыстық іс барысында дәлелденіп жатса, сонда тағы көрерміз», – деді министр.

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде балалар хирургі мен науқас баланың әкесі арасында жанжал туындап, соңы дәрігердің таяқ жеуімен аяқталған еді.

Науқастың әкесі медицина қызметкерлерін дөрекілік танытып, балаға диагноз қоюға асықпаған.

Ал 20 жылдық еңбек өтілі бар хирург барлық қажетті тексерулердің қолданыстағы медициналық хаттамаларға сәйкес жүргізілгенін мәлімдеді.

Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button