Қымбат картиналарға да салық салынуы мүмкін

Қымбат өнер туындылары мен цифрлық активтерге қосымша салық салу мәселесі қаралуы мүмкін. Бұл туралы Құрылтай депутаты Олжас Құспеков мәлімдеді.
Оның айтуынша, қолданыстағы Салық кодексінде сән-салтанат салығы қарастырылған. Атап айтқанда, құны 85 миллион теңгеден асатын автокөлік сатып алғанда қосымша 10 пайыздық салық төленеді.
Енді салық салынатын нысандар тізімін кеңейту ұсынылып отыр. Депутат қымбат картиналар мен жеке коллекциялардағы өнер туындыларының иесін анықтап, олардың құнын бағалау қажет деп санайды.
Сондай-ақ цифрлық активтерді есепке алу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Бұл ретте қосымша салық салынатын мүліктің нақты тізімі мен жаңа талаптар әлі бекітілген жоқ.
Құспековтің сөзінше, тиісті өзгерістер цифрлық технологиялар арқылы жиналған мәліметтер мен жүргізілген талдау негізінде әзірленуі тиіс.



