Заң үстемдігі
ҰҚК Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ұстады

Павлодарда сепаратистік сипаттағы видеоны таратты деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды.
Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми жауабына сүйенген Tengrinews сайты хабарлады.
Ақпарат құралдарының жазуынша, бұған дейін әлеуметтік желіде қазақ халқының намысына тиетін сөз айтып, Қазақстанның территориялық тұтастығы тақырыбын қозғаған әйел адамның видеосы тараған. Ол Ресейден Қазақстанға әскер кіргізуді де сұраған.
ҰҚК хабарлауынша, әйел адам 28 қазанда ұсталған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. ҰҚК хабарлауынша, әйел адам бұған дейін есірткі бойынша да сотталған.



