Экономика
Tarlan Astana желісін 10 миллионнан астам жолаушы пайдаланды

Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігінің жолаушылар легі 10 миллион сапардан асты.
Іске қосылған сәттен бастап елорда тұрғындары мен қонақтары 10 миллионнан астам сапар жасады. Қыркүйек айындағы орташа тәуліктік жолаушылар легі шамамен 80 мың жолаушыны құрайды.
Жолаушылар арасында ең көп сұранысқа ие стансалар:
* «Университет» — 1 463 953 жолаушы;
* «Бәйтерек» — 1 208 610 жолаушы;
* «Нұрлы жол» — 1 060 068 жолаушы.
Жол ақысын бірнеше тәсілмен, оның ішінде көлік картасы, банк карталары және байланыссыз төлем әдістері арқылы төлеуге болады.



