Әлем

БАҚ: Ресей Украинаға соғыс басталғалы бері кемінде 700 мың сарбазынан айырылған

Деректерді журналистерге "Беларусь киберпартизандары" мен Silent Crow хакерлік топтары берген.

Ресей Украинаға қарсы кең ауқымды басқыншылық соғыс ашқан сәттен 2026 жылдың қыркүйек айының аяғына дейін кемінде 490 мың ресейлік жауынгер қаза тапқан, деп хабарлады Азаттық телеграм арнасы. 

Ресейлік «Росстат» мекемесінен тарап кеткен деректерді зерттеген журналистер осындай қорытындыға келді. Ал әзірге хабар-ошарсыз кеткенге саналатын адамдарды қоса есептегенде, 2026 жылдың күзіне қарай Ресей тарапының шығыны шамамен 720 мың адам немесе одан да көп деп бағалады «Медуза» және «Медаизона» басылымдары.

«Росстат» деректерін журналистерге «Беларусь киберпартизандары» және Silent Crow хакерлік топтары берген. Олар «Росстат» базасын бұзып кіргенін 1 қарашада жариялаған еді.

Журналистер екі деректер қорын өңдеп, қайталанған жазбаларды алып тастаған соң және түзетілген құжаттарды біріктіргеннен кейін 2021 жылдың басынан 2026 жылдың қыркүйегінің аяғына дейінгі аралықтағы өлім-жітім туралы 11 миллион 660 мыңға жуық бірегей жазба қалған. Бұл санға барлық қайтыс болғандар кіретіндіктен, қаза тапқан әскери қызметкерлер туралы мәліметтерді бөлек іріктеуге тура келген.

Журналистер мәліметтерді архив істері тізімі, сот шешімдері, азаматтық хал актілерін тіркеу жүйесінен бұрын тарап кеткен өзге де деректер және «Росстаттың» ашық статистикасы арқылы тексерген. Архивтерден «Медиазона», BBC-дің Орыс қызметі және еріктілер бірлесіп жүргізетін қаза тапқандардың атаулы тізіміндегі сарбаздардың 95,1 пайызы туралы жазбалар табылған.

Ресейдегі халық санына шаққанда, соғыста ең көп қаза тапқан адам саны Қиыр Шығыс пен Сібір өңірлерінде тіркелген. «Важные истории» есебіне сәйкес, Еврей автономиялық облысында 100 мың тұрғынға шамамен мың қаза тапқан адамнан, Забайкалье өлкесінде – 800-ге жуық, Чукоткада – 760, Тывада – 650 адамнан келеді. Мәскеуде бұл көрсеткіш 63 адамға тең болған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button