Қоғам

Нағаспаев «Қазақстан темір жолына» басшы болып барды

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының шешімімен Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшылығына министрлік қызметінен келді.

Ол 2025 жылғы ақпаннан бастап бүгінге дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігін басқарды.

Ал оған дейін, 2021 жылдан 2025 жылға дейін ҚТЖ-да басқарушы директор болып жұмыс істеп, жаңа жобалар мен қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік еткен.

Әр жылдары Шахтинск қаласының әкімі, Астана әкімінің орынбасары және «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

Ал ҚТЖ-ның бұған дейінгі төрағасы Елжас Отыншиев еді. Ол бұл қызметке 2026 жылғы 20 шілдеде тағайындалған. Алайда төрт айға жетпей, 11 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі оны және басқа да адамдарды сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұстады. 14 қарашада сот санкциясымен қамауға алынғаны хабарланды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button