Қоғам

Мешітте пышақ кезенген белгісіз біреу елді шошытты

Оқиға Астанадағы мешіттердің бірінде болған. Белгісіз ер адам пышақ сермеп, жамағатты қорқытқан,- деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Оқиға туралы ақпарат 102-арнасына түскен. Қаладағы мешіттердің бірінде белгісіз адам келушілерді пышақпен қорқытып жүргенін айтқан.

«Оқиға орнына полиция жасағы дереу келді. 36 жастағы күдікті жедел түрде ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Одан қолдан жасалған пышақ тәркіленді. Тексеру барысында ұсталған адамның 2006 жылдан бастап психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды», — дейді ведомство.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button