Қоғам

«133 км/сағ жылдамдықпен жүрген»: Астанада миллионер Линейцев қамауға алынды

Осы уақытқа дейін ол 61 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Астана полициясы жол ережесін өрескел бұзған ер адамды ұстап, қамауға алды.

Осы уақытқа дейін ол 61 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

27 жастағы BMW көлігінің жүргізушісі ұзақ уақыт бойы жол қозғалысы ережелерін өрескел әрі жүйелі түрде бұзып келген. Жыл басынан бері оған 61 рет әкімшілік жауапкершілік жүктелген, оның 59-ы жылдамдықты асырғаны үшін. Ең қауіпті жағдайлардың бірі Әл-Фараби көшесінде тіркелген.

“Ол жаяу жүргіншілер өткелінен сағатына 133 шақырым жылдамдықпен қызылға өтіп кеткен. Бұған дейін сағатына 90 шақырым рұқсат етілген жерде сағатына 216 шақырым жылдамдықпен жүрген. Мұндай әрекеттер азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді», — деп хабарлады полиция.

Жүргізуші ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

«Заң талаптарын қасақана және жүйелі түрде елемейтін, оның ішінде бұрын төленген айыппұлдардың бар-жоғына және табыс деңгейіне қарамастан, тұлғалар заңнамада көзделген неғұрлым қатаң жауапкершілік шараларына тартылады. Заң баршаға ортақ», — деп мәлімдеді ведомство.

Kozachkov offside Telegram арнасы құқық бұзушының танымал мобильді ойын жасаушысы және долларлық миллионер Роман Линейцев екенін жазды.

“Белгілі болғандай, оның 9 көлігі бар және тек осы жылдың өзінде 50-ден астам жағдайда жол ережесін бұзған. Көп жағдайда жылдамдықты асырған. 27 жастағы жүргізуші — белгілі IT-бизнесмен, “Grand Mobile” атты танымал ойынды жасаған. Ол 2025 жылы сәуірде 2024 жылы компаниясының 18 миллион доллар табыс тапқанын айтқан. Ол сондай-ақ Forbes журналының «30 жасқа дейінгі 30 үздік» тізіміне енген. Бұл тізімге үлкен әлеуеті бар жас кәсіпкерлер кіреді”, – деп жазды арна.

Бұдан бөлек, жазбада Линейцевтің компаниясы «Торпедо» хоккей клубы мен көкпар федерациясына демеушілік жасайды, сондай-ақ стартаптарды қаржыландыратыны туралы көрсетілген.

 Stan.kz

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button