«41 млн теңге»: Алматылық ата-ана мектеп бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинап жатқанын айтып ашуланды(ВИДЕО)
Оқушының анасының айтуынша, 138 оқушыдан ұйымдастырушылар бас-аяғы 41 миллион теңге жинамақ болған. Оның 9 миллион теңгесі шоу-бағдарламаға жұмсалмақ.

Алматыда мектеп бітіруге дайындалып жатқан оқушылардың бірінің анасы әлеуметтік желіде қомақты қаражат жиналып жатқанын айтып мәселе көтерді, деп хабарлайды tiek.kz.
Оқушының анасының айтуынша, 138 оқушыдан ұйымдастырушылар бас-аяғы 41 миллион теңге жинамақ болған. Оның 9 миллион теңгесі шоу-бағдарламаға жұмсалмақ.
«Мен сіздерге көпбалалы ана ретінде жазып отырмын. Биыл менің балам Алматыдағы жалпы білім беретін мектепті бітіріп жатыр. Мен әр жылдың өзінде барлық түлектің ата-аналары кездесетін бір жағдайға тап болдым.
Біздің мектепте әр бала үшін бітіру кешіне 200 мың теңгеден, кейде одан да көп ақша жиналады. Жалпы білім беретін мектеп үшін бұл – өте үлкен сома. Оны әр отбасы төлей алмайды. Солай бола тұра, шығын сметасы көрсетілмейді. Балалардың қызығушылығы ескерілмейді, олардың мүддесі аз бағаланады.
Мен 30 жылдық тәжірибесі бар қаржыгермін, бюджетті оқып, шығындарды бағалап, қауіп-қатерді көре аламын. Бұл мәселе әр жылы қайталана береді. Маған үнемі «балаңды ойла» деп айтады. Мен де солай істеп отырмын. Балалар ақша жинау – қалыпты жағдай деп үйренбеуі керек», – дейді ол.
Оқу-ағарту министрлігі бұл мәселеге қатысты түсініктеме берді.
Ведомствода осы мәселе бойынша алдын ала тергеу жүргізілгенін хабарлады.
Қаражат жинау туралы бастаманы ата-аналардың өздері көтерген әрі оны жеке чаттарда талқыланғаны анықталған. Яғни мектеп тарапынан заңсыз ақша жинау фактісі расталмаған.
«Алматы қаласының білім басқармасының мәліметінше, гимназия бітіру кешін ұйымдастырмайды және ата-аналардан ақша жинамайды. Тексеру барысында мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің бұл іске қатысы жоқ екені анықталды», – делінген хабарламада.
Мектеп директоры қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны және заңсыз қаражат жинаудың алдын алу үшін тиісті бақылаудың болмауы үшін тәртіптік жазаға тартылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



