«Алматыға ұшу Лондонға барудан қымбат»: депуттар әуе билеттеріне шекті тариф енгізу ұсынды

Парламенті Мәжілісінде Respublica партиясы фракциясының көлік және логистика мәселелеріне арналған кеңейтілген отырысы өтті. Талқылау тек ресми күн тәртібімен шектелмей, экономикаға, бизнеске және азаматтардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін жүйелік ақаулар сөз болды, деп хабарлайды tiek.kz.
Соның бірі — әуе тасымалы саласындағы жағдай. Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков бұл бұл салаға қатысты біраз мәселе барын ашық айтты.
2026 жылдың қаңтарында билет бағасы 29,9%-ға өскен, кей бағыттарда бұл көрсеткіш 40%-дан асады. Осы кезде көлік жүйесіне түсетін жүктеме де жоғары: теміржолмен 19,4 млн, авиациямен 15,4 млн жолаушы тасымалданған.
«Алматыдан Астанаға билет бағасы Варшавадан Лондонға билетпен бірдей болса, бұл мемлекеттік реттеуде жүйелік ақау бар екенін аңғартады», — дейді депутат.
Шешім ретінде әлеуметтік маңызы бар бағыттарға шекті тариф енгізу, монополияға қарсы бақылауды күшейту және билеттерді сату мерзімін 90-120 күнге дейін ұзарту ұсынды.
Отырысқа Көлік және Қаржы министрліктерінің, Бас көлік прокуратурасының, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, ұлттық компаниялар мен бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.
Көлік министрлігінің мәліметінше, салада өсім бар: 2026 жылдың алғашқы екі айында тасымал көлемі 11,9%-ға, транзит 14,8%-ға, инвестиция 18,5%-ға артқан, ал саланың экономикаға қосқан үлесі 1,8 трлн теңгеге жеткен. 2025 жылы теміржол арқылы рекордтық 320 млн тонна жүк тасымалданса, авиация 15,4 млн жолаушыға қызмет көрсеткен, автожол жұмыстары 13 мың шақырымды қамтыған.
Алайда осы көрсеткіштерге қарамастан, депутаттар қазіргі модельдің «шектен тыс жүктемемен» жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.
«Бұл алшақтық жай ғана статистика емес. Оның артында нақты мәселелер тұр, біз оларды ашық талқылауға міндеттіміз», — деді депутат Құсбеков.
View this post on Instagram



