Әлем

Израиль Иранның бас барлаушысын өлтірді

Израильдің арнайы қызметі тағы бір Иран шенеунігінің көзін жойғанын хабарлады.

Бұл жолы олар Иран ислам революциясы сақшылар корпусы барлау қызметінің басшысы Маджид Хадемиді нысанаға алған.  Бұл туралы Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац айтты.

Иран революция сақшылар корпусы да Хадемидің өлімін растады.  Tasnim ақпарат агенттігіне берген мәлімдемесінде барлау басшысы Маджид Хадемидің 6 сәуір күні таңертең «террорлық әрекеттен қаза тапқаны» айтылған.

Хадеми сақшылар корпусының барлау бөлімін 2025 жылы маусымнан бастап басқарады. Оның алдында бұл бөлімді басқарған Мохаммад Каземи Израильдің шабуылынан көз жұмған еді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button