Оқиға
Тренд

Батыс Қазақстанға құлаған дрон: СІМ тиісті тараптарға сұрау жіберді

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Батыс Қазақстан облысы аумағынан табылған ұшқышсыз ұшу аппараты туралы пікір білдірді, деп хабарлайды tiek.kz.

Ол «тиісті тараптарға сұрау жіберілді», — деп жауап берді тілшілердің жауабына. Бірақ нақты қай елдерге сұрау жіберілгенін айта алмады.

Қазіргі уақытта тексеріс шаралары жүріп жатыр.

2026 жылдың 25 наурызында БҚО-ның Ақжайық ауданында, Қарауылтөбе ауылынан тыс жерде белгісіз дрон табылған еді. Расы керек, бұл өңірдегі соңғы айларда тіркелген бесінші жағдай. Бұған дейін де Жәнібек және Бөрлі аудандарында (мысалы, 2025 жылдың наурыз және қазан айларында) осындай аппараттардың сынықтары табылған болатын.

Сарапшылар мен кейбір дереккөздер бұған дейін табылған кейбір дрондарды Ресейге тиесілі болуы мүмкін деп болжаған, алайда ресми ведомстволар әр жағдай бойынша нақты дәлелдерді әлі де тексеріп бітпей жатыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button