Спорт
Тренд

«Бұрын аш едім, қазір тоқпын»: Еркебұлан Тоқтар қырғыз спортшысынан жеңілгеннен кейін мәлімдеме жасады

Ал тоқ адамға төбелесу қиын.

Қазақстандық ММА жауынгері әрі актер Еркебұлан Тоқтар Армения астанасы Ереванда өткен Hype FC 28 турнирінде қырғызстандық Марсель Нұрланбекұлынан жеңілген жекпе-жектен кейін пікір білдірді, деп хабарлады tiek.kz.

«Мен өзімді толық жеңілдім деп санамаймын, бірақ жеңдім деп те айта алмаймын. Бірінші раунд менікі болды, екіншісін бердім, үшіншісін өзіме жазар едім. Дегенмен соңғы шешімді төрешілер шығарады. Бұрын жекпе-жекке аш шығатынмын, қазір тоқпын. Ал тоқ адамға төбелесу қиын», – деді Еркебұлан Тоқтар.

Айта кетейік, жекпе-жек жеңіл салмақта қолғаптағы бокс ережесі бойынша өтті. Тартысты өткен бәсекеде төрешілер жеңісті бірауыздан Нұрланбекұлына берді.

Осылайша Марсель Нұрланбекұлы кәсіби мансабындағы 14-жеңісіне қол жеткізіп, жеңіліссіз сериясын жалғастырды.

Ал Еркебұлан Тоқтар бұған дейін 2025 жылы өзбекстандық Тимур Никулинмен жекпе-жек өткізіп, бірінші раундта айқын басымдықпен жеңіске жеткен еді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button