Әйелін шәкіртіне сыйлаған молла жауапқа тартылды (ВИДЕО)
Бұған дейін ол қайын атасы сыйлаған әйелін жанжалдасып қалған соң шәкіртіне бере салғанын айтқан еді.

Белгілі уағызшы, теолог-ғалым Құрбанәлі Ахмет қоғамда үлкен резонанс тудырған сұхбаттан кейін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлаы tiek.kz.
Сұхбат жарияланғаннан кейін дінтанушының мұндай оғаш мәлімдемесі қоғамда қызу талқыланып, сынға ұшырады.
Алматы полициясы тексеру барысында заң бұзушылықтар анықталғанын хабарлады.
«Тексеру кезінде сұхбатта Қазақстан Республикасының заң талаптарына қайшы келетін (мысалы, әйелін шәкіртіне “беру” туралы) мәлімдемелер айтылғаны, сондай-ақ қоғамдық сана мен конфессияаралық келісімге теріс әсер етуі мүмкін мәселелер қозғалғаны анықталды.
Тексеру нәтижесінде:
- ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы бойынша айыппұл төледі;
- оның ресми дін қызметкері емес екені анықталды;
- жарияланым авторы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында екінші әйелін шәкіртіне үйлендіргенін айтқан еді.
“Ол кейін менімен ұрысып қалып “болды, сенімен ажырасамын, байға тиемін” деп жынданды. “Сен ақымақсың ғой, мен саған бай тауып берейін” дедім де, жақсы шәкіртіме үйлендірдім.
“Жақсы бай таппайсың ғой, көшеде жезөкше болып, мені шарманда қыларсың” дедім. Өзі менен талап етті. “Байға тиемін” деді. Менен өш алмақ болған түрі ғой. “Шәкірттерімнің арасынан біреуін таңда, қалағаныңмен некелеп, тойыңды жасап беремін” дедім», — деген еді.
Сөз арасында бұл әйелін қайын атасы сыйлағанын және оны бәйбішесінің рұқсатынсыз алғанын айтты. “Бірінші әйелімнен рұқсат сұраған жоқпын. Екінші қабырғамды қайын атам “мына қызды аласың” деп сыйлыққа беріп кеткен. Қайын атам мені жақсы көрді. Қазақтың әдеті ғой. Екінші әйеліммен 4 бала, 1 қыз дүниеге әкелдім. Бәрі қари, Құранды толық жаттаған, намаз оқиды, ғибадат қылады”, – дейді Құрбанәлі Ахмет.



