Спорт

Еркебұлан Тоқтар қырғыз спортшысынан жеңіліп қалды

Қазақстандық файтер Еркебулан Токтар Армения астанасы Ереванда өткен Hype FC 28 турнирінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Токтар қырғызстандық жеңілмеген спортшы Марсель Нурланбек уулу қарсы айқасты. Жеңіл салмақта өткен жекпе-жек бокс ережесі бойынша (ММА қолғаптарымен) ұйымдастырылып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен қырғыз файтерінің жеңісімен аяқталды.

Еркебулан Токтардың аралас жекпе-жектегі (ММА) кәсіби рекорды қазіргі таңда 11 жеңіс пен 3 жеңілісті құрайды. Соңғы жекпе-жегін ол өткен жылдың тамыз айында өткізіп, ирандық Фарзад Гадери спортшысын екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Ал Марсель Нурланбек уулу ММА-де әлі жеңіліп көрмеген — оның рекорды 14-0. Соңғы кездесуінде, 2024 жылдың тамызында, ол өзбекстандық Фарход Эргишбаев спортшысын нокаутқа жіберген еді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button