Қоғам

Журналист Ботагөз Омарова тергеуге алынды

Бүгін сағат 17:45-тен бастап журналист Сейфуллин 37 мекенжайындағы полиция басқармасында отыр, деп хабарлады Tiek телеграмм арнасы.

Полиция одан қорғануға құқығы бар куәгер ретінде жауап алынатынын хабарлаған. Журналистің мүддесін адвокат Әсел Токаева қорғайды.

Полиция департаменті Омарованың үстінен «көрінеу жалған ақпарат тарату» белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелгенін хабарлады. Тергеу аясында ол түсініктеме беру үшін полицияға шақырылған.

Журналистің үйінде тінту жүргізілетіні жайлы ақпарат бар.

Ботагөз Омарова — журналист, «Айтпа, Ботагөз» Telegram арнасының авторы.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button