Заң үстемдігі

Депутат Бақытжан Базарбек мас күйде көлік жүргізгені үшін куәлігінен айырылғандарға рақымшылық жасауға қарсы шықты

Депутат Бақытжан Базарбек мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтарға рақымшылық қолданыла ма деген сауалға жауап берді.

Депутаттың айтуынша, мұндай жүргізушілердің бір бөлігі өзін “жәбірленуші тарап” ретінде көрсеткісі келеді. Алайда жолдағы қауіпсіздік мәселесін естен шығаруға болмайды.

“Әкімшілік амнистия аясында жүргізуші куәлігінен айырылғандарға қатысты мәселе қарала ма, нақты айта алмаймын. Бірақ мен оған қарсымын”, – деді депутат.

Ол бұл азаматтардың мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаланғанын және олардың мұндай әрекетті қайта жасамайтынына еш кепілдік жоқ екенін айтты. Сонымен қатар депутат бұл мәселе бойынша әзірге түпкілікті шешім қабылданбағанын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Тоқаев бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша тағы да рақымшылық жарияланатынын айтқан еді.

 Stan.kz

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button