«Екі ұлымнан бөлек, Әлия мен Мәншүк деген қыздарым бар»: Роза Рымбаева өзінің ел білмейтін сырымен бөлісті(ВИДЕО)

Танымал әнші Роза Рымбаева өзінің ел білмейтін сырымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі ұлдары Әли мен Мәдиден бөлек, Әлия мен Мәншүк есімді қыздары барын да айтты.
«Әлия 6 жасынан бастап Байсейітов мектебінде оқыған. Тасқын өзі алып келіп ауылдан «Сен музыкант боласың» деп Әлияны оқытқан. Сол кезде осындай қайғылы жағдай болды. Анасы мен әкесі бірінен кейін бірі өмірден өтті. Содан мен бірден шешім қабылдадым. Бұл екі қыз менімен тұрады. Менің екі ұлым не жейді, не киеді бәріміз бір отбасы боламыз деп бірден шешім қабылдап, екі қызды қолыма алдым. Мен өте бақытты болдым. Себебі, біріншіден Тасқын да өмірден өтті. Жауапкершіліктің барлығы менің мойнымда қалды. Сол кісілердің аманаты деп өзім қабылдадым. Енді осы отбасыға мен жауаптымын дедім. Жеңіс ағаның 6 қызы да менің қыздарым. Мен әлі күнге дейін олардан маған деген ризашылық, құрмет, махаббат көремін. Себебі анасының орнына мені ана деп санайды. Екіншіден әруақтар разы шығар деп ойлаймын. Аспаннан көріп жатқан шығар», — деді әнші.
Көпшілік Роза Қуанышқызының бұл әрекетіне тәнті болды.
«Аман болыңыз», «Бас иеміз», «Мықтысыз, Роза апай», «»Не деген ерлік. Қандай мықты ана»,»Сізді ең алдымен керемет ана ретінде бағалаймын», «Керемет жансыз, 100 жасаңыз», — сынды пікірлер қалдырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



