Саясат
Тренд

Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мемлекет басшысы кесене аумағында жерленген ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен басқа да әйгілі тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button