Заң үстемдігі
Тренд

«Масс-медиа туралы» заң қайтадан қаралатын болды

«Масс-медиа туралы» Заңға өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды tiek.kz.

«Масс-медиа саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Құқықтық базада сөз бостандығы принциптерін, цензураға жол бермеуді және азаматтардың ақпарат алу мен тарату құқығын толығырақ көрсету жоспарлануда. Сонымен қатар, азаматтардың ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау тетіктері күшейтіледі, бұл пікір білдіру бостандығы мен адамның конституциялық құқықтарын қорғау арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді Балаева үкімет отырысында.

Бұдан бөлек, министрдің айтуынша, Мәдениет және ақпарат министрлігі жетекшілік ететін барлық салалардағы заңнама жаңартылады.

«Мәдениет, ақпарат, масс-медиа, архив ісі, мемлекеттік рәміздерді пайдалану, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, сондай-ақ жастар және отбасы саясаты салаларын реттейтін 20-дан астам заңнамалық актіге өзгерістер енгізу жоспарлануда», — деп хабарлады ведомство басшысы.

Бұл өзгерістер заңнаманы жаңа Конституцияға сәйкес келтіру үшін енгізілуде.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button