Экономика
«Кофе ішіп, бос әңгіме айтады»: Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Қазына» 650 адамды жұмыстан босатпақ

Мемлекет басшының сынынан кейін ұлттық қордағы қызметкерлер саны біршама азаятын болды.
«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов шамамен 650 адамның жұмыстан босатылатынын хабарлады.
Айтуынша, жұмыстан шығару наурыз айының соңына дейін заң талаптарына сәйкес жүргізілмек.
«Бұл жалпы Астана қаласында Самұрық-Қазына қызметкерлерінің саны 6500 адам. Сондықтан біз жалпы 650-дей адамды қысқартатын боламыз», — деді Нұрлан Жақыпов.
Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай төрінде Самұрық-Қазына қорына сын айтқан еді. Мемлекет басшысының айтуынша, түскі уақытта кафе мен қонақүйлерде отырып, жаңалық талқылап, интернетте уақыт өткізетін қызметкерлер бар.



