Ұлыбританияның санкциясына ұшыраған «Росатом» компаниясы мәлімдеме жасады

Ұлыбританияның санкциясына ұшыраған «Росатом» компаниясы мәлімдеме жасады. Компания еуропа елдері тарапынан салынған санкциялардың «заңсыз» екенін айтады.
«Росатом» кез келген біржақты шектеулерді халықаралық құқық тұрғысынан заңсыз деп есептейді. Бейбіт атом саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыты – қауіпсіздік, ал мұндай шаралар осы негізгі қағидатқа кері әсерін тигізеді. «Росатом» атом энергетикасы саласындағы сөзсіз әлемдік көшбасшы болып табылады және жекелеген мемлекеттердің біржақты әрі легитимді емес шешімдері бұл мәртебеге нұқсан келтіре алмайды. Мемлекеттік корпорация шетелдегі барлық жобалары бойынша міндеттемелерін орындауды жалғастыруда: біз шетелде атом электр станцияларын салу бойынша әлемде бірінші орындамыз, нарықтағы үлесіміз – 90%. Сондай-ақ ядролық отын өнімдері нарығының негізгі қатысушысымыз. Біз серіктестермен бірлесіп ядролық медицина және басқа да жоғары технологиялық салаларда жобаларды іске асырудамыз, 60-тан астам елмен ынтымақтастық орнатқанбыз және олар үшін сенімді әріптес болып қала береміз», – делінген компания мәлімдемесінде.
24 ақпанда Ұлыбритания Ресейге қатысты кезекті санкция пакетін жариялады. Сарапшылар бұл санкцияны Ресейдің экономикалық және әскери әлеуетін әлсіретуге бағытталған ең ірі санкция екенін айтады. Себебі қара тізімге 300-ге жуық компания кірген. Олардың арасында Ресей экспортының 80 пайызын құрап отырған «Транснефть» «Росатом» секілді алпауыттар бар.
Бұған дейін «Росатом» компаниясының бас директоры Алексей Лихачев Ұлыбританияның салған санкцияларға қатысты пікір білдірген еді. «Ұлыбританияның соңғы санкциялары «Росатомның» тиімділігін көрсетеді», — деп атап өткен Лихачев тілшілерге.
Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстандағы тұңғыш атом станциясын салу құқығы да «Росатомға» берілген.



