
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады.
Оқиға жоспарлы оқу-жаттығу ұшуы кезінде болған.
Экипаж дер кезінде катапульт жасап үлгерген.
«Екі ұшқыш та аман, қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына қауіп жоқ», — делінген хабарламада
Апаттың нақты себептерін анықтау үшін Қорғаныс министрлігі арнайы комиссия құрды.



