LRT-ға қалай жұмысқа тұруға болады? Компания вакансия жариялады

Жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде жұмыс істеуге ниетті азаматтар үшін жаңа мүмкіндік ашылды. Астанада жүзеге асырылып жатқан жоба аясында түрлі бағыт бойынша мамандарды оқытып, кейін тұрақты жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр.

Қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі. Бұл LRT инфрақұрылымын пайдалануға беру алдында кадрлық әлеуетті күшейтуге бағытталған.

Қандай мамандар қажет:

  • ғимараттар мен қорғау аймағын күтіп ұстау менеджері;
  • күзетілетін аумақтың аға инспекторы;
  • ғимараттарды жөндеу шебері;
  • техникалық жүйелер менеджері;
  • сапа менеджері;
  • өрт қауіпсіздігі жөніндегі менеджер;
  • қойма менеджері;
  • әкімшілік басқару менеджері;
  • қойма шаруашылығы технигі;
  • кешенді және оқу басқармасының менеджері;
  • өндіріс менеджері;
  • экономика менеджері;
  • әкімшілік-шаруашылық жөніндегі менеджер;
  • нысандар мен жабдықтарды басқару менеджері;
  • станция ауысымының басшысы;
  • станция кезекшісі;
  • қауіпсіздік менеджері;
  • өндіріс диспетчері;
  • техникалық тексеру және ағымдағы жөндеу слесары;
  • жоспарлы жөндеу слесары;
  • жабдықтарды жөндеу слесары;
  • қозғалыс менеджері;
  • жол техникасының аға машинисі;
  • жол техникасының машинисі;
  • байланыс шебері;
  • дабыл жүйесі шебері;
  • дабыл жүйесі технигі;
  • жөндеу шебері;
  • жөндеу слесары;
  • энергетик;
  • электр монтері;
  • жол монтері (қараушы);
  • көпір желісі монтері.

Кандидаттарға қойылатын талаптар

Үміткерлердің жоғары немесе арнаулы орта білімі болуы тиіс. Мамандану бағыты – көлік, машина жасау, инженерлік-техникалық, электр техникасы немесе сабақтас салалар. Сондай-ақ тиісті мамандық бойынша 1 жылдан 3 жылға дейінгі жұмыс тәжірибесі талап етіледі.

Оқыту және жұмыс шарттары

Оқыту Астана қаласында өтеді және 4 айға дейін созылады. Оқу кезеңінде бес күндік жұмыс аптасы қарастырылған. Жұмысқа қабылданғаннан кейін лауазымына қарай бес күндік немесе ауысымдық жұмыс кестесі белгіленеді. Барлық қызметкерлер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми түрде жұмысқа орналасады.

Қалай өтініш беруге болады?

Түйіндемелер City Transportation Systems компаниясының ресми сайты арқылы қабылданады:
👉 https://cts.gov.kz/company/vacancy/

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―