«Әділет» теледебат көрермендерінің сауалнамасында озып шықты. Партия бағдарламасында не ұсынылған

«Әділет» құратын Қазақстан – балалар білім алатын мектеп, университет, олар жұмыс істейтін экономика, солардың құқықтарын қорғайтын құқық жүйесі және соның бәріне қамқор болатын мемлекет. Саяси партиялар арасында өткен теледебатта «Әділет» партиясы атынан шыққан кандидат Ренат Бектұров өз сөзін қорытындылап, партияның негізгі ұстанымдарын тағы бір нықтап өтті.
«Байлықтың атасы – еңбек, анасы – қара жер» деген Ренат Бектұров елдің ертеңгі болашағы адам капиталының сапасына байланысты екеніне тоқталды.
«Елдің болашағы мен үшін жәй ғана сөз емес. Біз құратын, біз жасайтын Қазақстан – менің балаларым ертең білім алатын, мектеп, университет, ертең олар жұмыс істейтін экономика, ертең солардың құқықтарын қорғайтын құқық жүйесі, соны қорғайтын Қазақстан. Сол себепті мен сіздерге бүгін үш ақиқат айттым», – деді ол.

Оның біріншісі, білімді қоғам ғана бәсекелесетін мемлекет құра алады.
Екіншісі, денсаулығы мықты қоғам ғана қуатты мемлекет құрады.
Ал үшіншісі, бұл әділеттілік, отансүйгіштік, еңбекқорлық, жауапкершілікті өзіне үстем етіп алған қоғамның ғана өркениеті ашылып, дамыған қоғам бола алады.
Айта кетерлігі, сөзсайыс барысында партияға «жастар қанаты жоқ» деген сын айтылған болатын. Бірақ, Ренат Бектұровтың айтуынша, «Жастар рухы», «Дала қырандары», «Жаңа адамдар» еліміздегі ең үлкен жастар ұйымдары «Әділет» партиясын қолдап, қатарына қосылды.
Екінші жағынан, соңғы жылдары елімізде жастар үшін құрылған үлкен бағдарламалар құрылды. Мәселен, ел аузында жүргендерінің бірі – президенттік жастар кадры резервін жасақтау.
«Әділет» партиясының Құрылтайға үміткерлерінің тізіміне осы президенттік жастар кадрлық резервінің 20-ға жуық мүшесі кірген. Осынша жас басқа қай партияның тізімінде бар?Сондықтан біз жастарға сөз жүзінде емес, іс жүзінде мүмкіндік жасап отырмыз. Өзіміздің мүшелерімізді «жас», «орта буын», «ақсақалдар» деп бөлмейміз. Өйткені біздің құндылықтарымыз бәрімізге ортақ», – деді ол.
Ең бастысы, теледебатқа қатысушылардың қаншалықты сенімді, өткір, батыл сөйлегенін теледидар арқылы көріп отырған жұршылықтың бағалауына мүмкіндік туды. Сауалнаманы Орталық сайлау комиссиясында аккредиттеуден өткен «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы сағат 20.05 пен 22.10 аралығында жүргізді. Көрерменге «Сізге қай партия өкілінің ұстанымы ұнады?» деген сұрақ қойылып, оған экранда көрсетілген QR-код арқылы 21334 адам дауыс берді.
Қорытындысында «Әділет» партиясына – 67,1%, AQJOL партиясына – 9,9%, ҚХП – 8,2%, Respublika партиясына – 4,3%, «Ауыл» партиясына – 5,4%, ЖСДП – 2,2% және Baytaq партиясына – 2.1% үлес тиген. Ал «Ешқайсы ұнамады» деген нұсқаны дауыс бергендердің 0,8%-ы таңдаған.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.



